18.08.2022
  110


Автор: Нұрлан Қалқа

Күндердің күні болғанда...

Талай достар табылар,
Дұшпаның келіп табалар.
Жаныңда жүріп, сыр алған,
Жақының жанды жаралар.
Достарың жауға айналып,
Дұшпаның тағар бар айып.
Күндердің күні болғанда,
Қаларсың жалғыз сарғайып.
Сырыңды ұғар жан таппай,
Өмірден мынау мəн таппай,
Басыңды тасқа ұрарсың,
Ұйқы жоқ, кейде ас батпай.





Пікір жазу