18.08.2022
  110


Автор: Нұрлан Қалқа

Хантәңірінің қыраны

Қанат Байеділовке
Хантəңірінің қыраны,
Кегенімнің ұланы.
Бағындырдың биікті,
Қанат, соның ұнады.
Қатарының ірісі,
Кəсібінің білгіші.
Астанада сен бар деп,
Мақтанады ел іші.
Тауұлысың, дарасың,
Биікті талай аласың.
Қазақ үшін қызмет ет,
Ардақ тұтсын Алашың.
Аман-есен жүр деймін,
Зор денсаулық тілеймін.
Отбасыңа бақ қонып,
Ұзақ өмір сүр деймін!





Пікір жазу