18.08.2022
141
Көңілің кәусар бұлақтай
Рыскелді Ахметқалиұлына
Елу деген – ер жасына толдың бүгін,
Ауырсынбай арқаладың ардың жүгін.
Айналаңа ағайын мен дос жиыпсың,
Қадірін жоқтық пенен бардың біліп.
«Елу жылда – ел жаңа», сен жаңасың,
Жаңа қала, жаңа қызмет, бек табасың.
(Алла сүйген құлдарын қолдап жүрер),
Арамызда соның бірі – сен данасың.
Көңілің – кəусар бұлақ, Асыдайын,
Ар-ожданың – кім болса да асыл дəйім.
Дос-жаранның қамын жеп қай кезде де,
Жарқылдап сен жүресің жасындайын.
Ісің – үлгі, сөзің – үлгі, жаның ізгі,
(Ал ақының көңілдегі барын тізді).
«Ел мақтаған жігітті қыз жақтайды»,
Жақсы көрмей тұра алмас бəрі сізді.