18.08.2022
  95


Автор: Нұрлан Қалқа

Алладан болғай шарапат

Алпыс – тал түс.
Ш. Мұртаза
Алпыс – тал түс,
Шаңқай түс,
Өмір сүр, аға,
Байқай түс.
Алда талай асу бар,
Баба жолын жалғай түс!
Алпыс деген –
Шаңқай түс,
Қызық алда,
Байқай түс.
Дүбірлі күндер белгісі –
Бозқырау шалса – самай тұс.
Алпыс – ал, піс,
Деседі,
Сеніп,
көңіл өседі.
Алладан болғай шарапат,
Өзіңдей жанға көшелі.





Пікір жазу