18.08.2022
  105


Автор: Нұрлан Қалқа

Сен ұқтырдың

(Біржанға)
Шақырмайсың бұрынғыдай кафеге,
(Бастамайсың біздерді сен жат елге).
Көрінбейсің биік мінбер, кеңседен,
Доп қумайсың малшынып сен ақ терге.
Курс болып жоқтап жүрміз өзіңді,
Еске алып қылығың мен сөзіңді.
Басымызды қосатұғын адамның,
Жоқтығы да сен өткен соң сезілді.
Жүретін ең арамызда жарқырап,
Кететінсің бір іс айтсақ шапқылап.
...Амандықтың қадірін сен ұқтырдың,
Жүргендерге байлық құрап, тақ сұрап.





Пікір жазу