18.08.2022
174
Адам жаны - аманаты алланың
«Досым, неге қиып кеттің өмірді?»,
Жүзің жарқын, жан едің ғой көңілді.
Жем болыпсың тосын келген ажалға,
Амал бар ма?
Көзден жасым төгілді.
Не күн туды түңілердей жалғаннан?
Шайтан-пиғыл алдап құрық салған ба?..
Жұлдыздар да ағады ғой із тастап,
Бұл фəниде, сірə, армансыз жан бар ма?!
Ібілістің шырмауына шатылдың,
Қармақта қап сабырың мен ақылың.
Пенделерден жеріндің бе соншалық?..
Сұм ажалға арыстандай атылдың.
Тірлік қымбат қыбырлаған пендеге,
Нүкте қойдың тағдырыңа сен ерте.
Тышқан мұрнын қанатпайтын жан едің,
Жоқтығыңа қайран көңіл сене ме?!.
Не күй кештің?
Кімнен, неден безіндің?..
(Күресінге тастар оңай өзін кім?).
Адам жаны – аманаты Алланың,
Əттең соны сен білместен көз ілдің.