18.08.2022
  131


Автор: Нұрлан Қалқа

Бір досым бар

Бiр досым бар менi сөгiп, күндейдi,
Бiр досым бар менi сырттай жүндейдi.
Бiр досым бар «ештеңеден тайсалмай,
Емен-жарқын, аман-есен жүр» дейдi.
Бiр досым бар ылғи менi сөгедi,
Бар қаһарын, зəрiн маған төгедi.
Бiр досым бар ылғи менi қорғаштап,
Бiр мен үшiн қажет болса өледi.
Бiр досым бар сырттан мені сатады,
Сол қылығы жанға қатты батады.
Бiр досым бар оның берген кеңесi,
Көңiлiмнен əркез шығып жатады.





Пікір жазу