18.08.2022
227
Жансаяға
Бой жетіпсің, енді ғана білдім мен,
Сене алмадым, ойлап жатып түнімен.
Тұлымшағы желбіреген сəби ең,
Рұқсат сұрап келіп тұрсың бүгін сен.
Қызым, саған ақ батамды берейін,
Бұйрық қой, дегеніңе көнейін.
Туған үйден бүгін жырақ кетесің,
Жолың болсын, одан басқа не дейін?!
Қызым, сенің серігіңе сенейін,
Ақ жүзіңнен тек қуаныш көрейін.
Қосағыңмен қоса ағарып, Жансаям,
Біз секілді ұрпақты бол сен кейін.
Қызым, алыс жүресің ғой жол бүгін,
Біздер үшін толғанысқа толы күн.
Үлкен өмір күтіп тұр-ау өзіңді,
Барған жерде тек бақытты бол, күнім.
Астана, 15 маусым 2013 жыл