18.08.2022
97
О, Алла!
О, Алла!
Арбалып кеппiн сағымға,
Отыздан асқан шағымда.
Ниет еттiм дiл, дiнге,
Iлеспей басқа ағымға.
О, Алла!
Өзiңнен өткен құдiрет,
Жоқ екенiн iш бiлед.
Пейiлiмдi алмағай,
Күндiз-түнi бiр тiлек.
О, Алла!
Iзгiлiгiң – аманат,
Өзiмен кетсiн жаманат.
Отаным тыныш, ел бүтiн,
Көңiлiм барға қанағат.