18.08.2022
106
Жалған-ай…
Шаршап бiттiм, керегi жоқ жанжалдың,
(Ағат кетсем алдай салғын жан жарым).
Қайыс қыннан алынбағай деп тiле,
Ашу деген болат жүздi қанжарым.
Көңiл қалып, сынған сəтте сан сағым,
Анық бiлдiм: шайтан-өсек жан-жағым.
Əлдеқандай күндер өтер, кiм бiлсiн,
Жүрегiмдi тiлiп түсер қанша мұң?!
Иектептi, билеп кептi дау-дамай,
Бетке күлiп, сырттай сөктi жау талай.
Сенiп айтқан сөзiм қапты өзiмдi,
Кiмге сенем, ей, алдамшы, жалған-ай!