18.08.2022
88
Ойсыз, мұңсыз жүрген күнiм болмайды...
Ойсыз, мұңсыз жүрген күнiм болмайды,
Бұл өмiрге кейде көңiл толмайды.
Байлық қуып безгендер көп бауырдан,
Жанымды жеп, толғантатын – сол қайғы.
Тоқ көңiлге мастануға болмайды,
Тəубең болса Алла өзi қолдайды.
…Iске епсiз, сөзге пысық пенденiң,
Ұйқы басқан кейпiн көрсем – сол қайғы.
Ет-жақының, бауыр болсын бəрiбiр,
Еңбек етсiн – тiршiлiктiң мəнi бұл.
Ал жемiсiн үлестiрсiн артылса,
Сонда ғана болар оның жаны нұр.