18.08.2022
  104


Автор: Нұрлан Қалқа

Жабырқау тартты көңiл жалғыз қалып...

Жабырқау тартты көңiл жалғыз қалып,
Келмедiң Аға, мен отырмын налып.
Уайымсыз жандар бас қосып қап тағы,
Той тойлап күнде, құр қызыққа қарық.
Көңiлiм пəс-ау, құлазимын жатып,
Мұңайдым жалғыз қалың ойға батып.
Бiтiрген iс жоқ жұртым мақтан етер,
Ауылым отыр маған үмiт артып.
Жиырма бес шiркiн, бiрдемде кеп қапты,
Өкiшiш қасгөй ақылды жеп жатты.
Мəнсiздеу өткен күндер еске түсiп,
Ойсыздау жүрген кезiм жанға батты.





Пікір жазу