18.08.2022
  334


Автор: Нұрлан Қалқа

Кешiр менi...

Кешiр менi, жаныңды жараласам,
Кейде өзiмдi асыра бағаласам.
Тастап сенi кетпеспiн қиын сəтте,
Қайта сенi бақытым санамасам.
Кешiр менi, орынсыз қараласам,
Түсiнуге күйiңдi жарамасам.
Сенен артық дос жоқ қой,
дос жоқ менде,
Ой жiберiп тереңнен сараласам.
Кешiр менi, əрдайым, алтыным-ай,
Ниетiңнiң ағында бар құның-ай.
Құшақ жайып күтiп ал iздеп барсам,
Көңiлiңнiң бiлдiрме салқынын-ай.





Пікір жазу