18.08.2022
113
Жанымның сен бір бөлшегі
Балалық дəурен өзiңмен өткен, ардағым,
Есiме ап бəрiн, жырымды саған арнадым.
Түсiнсең болды жанымның нəзiк сырларын,
Қажет те етпен, керек те етпен қалғанын.
Бұйыртса тағдыр серiгiң болып қалармын,
Бақытым болсаң, жанымды жеген тарар мұң.
Жүдеген көңiл серпiлiп қалар бiрдемде,
Сағынған кезде күн сайын iздеп барармын.
Құралай күнiм, жанымның сен бiр бөлшегi,
Көп жылдар аңсап əзерге таптым мен сенi.
Сүйкiмдi жүзiң нұрына бөлеп сүйсiнтер,
Кең пейiл жаның көтерiп тастар еңсенi!