18.08.2022
  106


Автор: Нұрлан Қалқа

Жырымды саған арнадым...

Жырымды саған арнадым,
Мұңайып жүрген ардағым.


Жалғыздық көрген кездерi
Жүрекке жүрек жалғадың.
– Ұнатам, – дейсiң, ғұмырлық,
Сезiмдi алдың туың ғып.
Тiлдеспей жүрсем сөкпегей,
Жүрегiмнiң жырын ұқ.
Мен-дағы құссыз көлдеймiн,
Сор жапқан елсiз шөлдеймiн.
Нəрiңе iңкəр тамырмын,
Қуарып жатқан белдеймiн.
Мендегi сырға сiз қанық,
(Жасасам кешiр қызбалық).
Өзгеден сенi өлердей,
Жүремiн ылғи қызғанып.





Пікір жазу