18.08.2022
  75


Автор: Нұрлан Қалқа

Кеткім келді ауылға...

Жүргенiмде нағыз өнер ортасында,
Өлең болып сырласар жолдасым да.
Көз алдымнан кетпей қойды мұңлы жанар,
– Құлыным! – деп тұрғандай жол басында.
Көндiккенмен тұрмыстың ауырына,
Кеткiм келдi тезiрек ауылыма.
Жырын тыңдап қайтайын,
сəлем берiп,
Көнекөз қариялар қауымына.
Кеткiм келдi ауылға тағат қалмай,
Далалық қып тағдырым жаратқаны-ай!
Таң атқанша дегбiрiм кетiп болды,
Құс болсамшы ұшатын қанат талмай…





Пікір жазу