Анама сыр
Бесiк тербеп өткiздiң-ау түнiңдi,
Бiз ұрладық қымбат жастық күнiңдi.
«Тудың тəте, неге сонша көп бала?» –
Деп те бiрде жаман балаң бүлiндi.
Лай тасыдың, қора салдың қыс-жазы,
Жағажайда демалмадың қысқасы.
Үйге келдiң: тапа-тапа нан жаптың,
Бүкiр белiң сол күндердiң нұсқасы.
Қадiрiңдi бағалаймын – бағымсың,
Бүгiн барсың, (мүмкiн ертең сағымсың).
Жақсы көрген пенде мендей болар-ау,
Сағынатын болса, мендей сағынсын,
Шырмауықтай жаным саған телiнген,
(Менi артық көрме тегi келiннен).
Сырттай мақтап, менi көзге сөге сал,
Əмсе жырақ кетпеспiн-ау тегiмнен.
Арманым жоқ ақ сүтiңдi ақтасам,
(Кешiре сал көңiлiңдi таппасам).
Қашан болсын беймаза бiр күй кешем,
Кей күндерi қылығыммен жақпасам.
Титтей бөтен пиғыл жоқ-ау ойымда,
Өкпелеткен болсам кiнəм мойнымда.
Мен – өзiңнiң, қызым – менiң көшiрмем,
Мiнезiмiз ұқсап бiткен бойымда!