18.08.2022
  101


Автор: Нұрлан Қалқа

Әкем жайлы сыр

«Əкесi ұрысса балаға, ол да – достық»
Абай.
Əкем менi өсiрмептi ерке етiп,
Есейген соң кетпес үшiн жер етiп.
Бiр жағына шығысуға талпындым,
Бауырлардан ертеректеу ержетiп.
Келешегiм жайлы ойлап, болжам қып,
Əкем менi өсiрмептi шолжаң қып.
Барды алып, жоқты сұрап көрмеппiн,
Айтқандарын ала бердiм олжам қып.


Əкем менi көзге мақтап көрмеген,
Жығылсам да онша көңiл бөлмеген.
Жастайымнан өмiр сырын ұғындым,
Бəлкiм содан еш жаманат көрмегем.
Ащы тiлмен талай мəрте сыбаған,
Ауыр тиiп кей күндерi жылағам.
Ендi ойласам қаталдық та жөн екен,
Тым есiрiп кетпес үшiн бұл АДАМ.





Пікір жазу