18.08.2022
  110


Автор: Нұрлан Қалқа

Ауылды аңсау

Қалаға келсiн ел мейлi,
Қалада тұрғым келмейдi.
Шаң басқан ауыл шақырып,
Сағыныш көңiл кернейдi.


Шарасыз күйге жеткенде,
Шулы жер мезi еткенде.
Жетемiн Қулық тауыма,
Бар амал сол-ақ тек менде.
Көртоғай, қайран өзенiм,
Түсiмде талай жүземiн.
Қайтесiң мұнда оқу ғой,
Сондықтан шыдап, төземiн.
Сағынам сайын, сауырын,
Қулықтың жасыл бауырын.
Қаладан ығыр болғанда,
Сергiтер барсам ауылым.





Пікір жазу