18.08.2022
83
Бал ашпаймын
Қабаған ой бойымда жоқ ұстағым,
Жат пиғылмен ниетiм тоғыспаған.
Бақытымды көп көрген қорқау пенде,
Қақпан құрып кетiптi оқыс маған.
Дауыл ұрып, теңселген ағаштаймын,
Жалған сөйлеп, көпiрiп жақ ашпаймын.
Бұйырғанын кəдеме жаратамын,
Алмасына өзгенiң таласпаймын.
Ұрын келген бақытпен жараспаймын,
Менiмен де бiр мезгiл санас қайғым!
Сыңарын бiр табар-ау мұңлы жүрек,
Алла бiлер, пенде боп бал ашпаймын.