18.08.2022
  90


Автор: Нұрлан Қалқа

Сөксең де менi…

Қимаймын сенi, қимаймын жаным, басқаға,
Тiрегiм сенсiң қасыңнан менi тастама.
Сүйемiн сенi, берiлгем саған мəңгiлiк,
Жүдетiп жанды жаман əдетке бастама.
Еркелеп кейде, сөксең де менi жек көрмен,
Əзiрмiн бiрге өтуге небiр өткелден.
Көңiлiмдi ұғын өзiңдi ғана iздейтiн,
Көгiлдiр аққу секiлдi түлер көктеммен…
Елеңдеп күнде iздеймiн сенi жан жарым,
Тиедi ауыр қабақ шытып та қалғаның.
Наздана күлiп, еркелеп жүршi, елiгiм,
Өзiңмен болу өмiрлiк менiң арманым.





Пікір жазу