18.08.2022
  80


Автор: Нұрлан Қалқа

Ие боп жүрмiн жырақтан

О бастан, қалқам, ұнатқам,
Сезiмiм тұнық бұлақтан.
Сөзiмдi ашып айтпастан,
Ие боп жүрмiн жырақтан.
Тəңiрден байлық сұраман,
Өзiңдей жарды сұрағам.
Жанымның нəзiк жыры боп,
Шаттанып, күнiм, жүр аман.
Сиынып, сонша бас ұрған,
Күйiмдi ендi жасырман.
Ғұмырлық маған өкiнiш,
Көз жазсам сендей асылдан.





Пікір жазу