18.08.2022
  157


Автор: Нұрлан Қалқа

Сен ренжісең...

Сен ренжiсең,
Түнде жаман түс көрем,
Тұла-бойды шырмап алар күш деген.
Тiл байланып, тыпыршумен төсекте,
Талай түндер қара терге түскен ем…
Сен ренжiсең,
Түнде жаман түс көрем,
Жаным жылап, ащы судан iшкен ем…
Жүдедiм де, жүк түсiрiп алдым мен
Жүрегiме ешбiр сызат түспеген…
Ренжiме,
Ұйықтайықшы алаңсыз,
(Мейiрiмге неге сонша сараңбыз?)
Бұл фəниде кешiрiмшiл болайық,
Суымасын екеумiздiң арамыз.





Пікір жазу