meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  18.08.2022
  122


Автор: Нұрлан Қалқа

Түсіме ендің...

Түсiме ендiң,
Кескiнiң сенiң бiр түрлi,
Мұң-нала басқан секiлдi ғазиз күлкiңдi.
Қасыма сенi шақыра алмай сол түнi,
Сары уайымнан көкейге бүгiн жыр тұнды.
Түсiме ендiң –
Елестеп көзге қайдағы,
Көрмедiм бiрақ мiнезiңдi де жайдары.
Мен барда, сəулем, күлiмдеп ылғи жүрерсiң,
Аппақ сүттейiн алынбаған қаймағы.


Түсiме ендiң –
Сағынғандықтың белгiсi,
Аңсаған жүрек келетiн шығар көргiсi.
Дəл мендей бiр-ақ сағынбас сенi, сүйiктiм,
Ұпайы түгел, дəтiне берiк əр кiсi.





Пікір жазу