meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  18.08.2022
  132


Автор: Нұрлан Қалқа

Махаббаттың жауы

Қызғаныш кеп қапелімде талады,
Аңғал жүрек қан-жоса боп қанады.
Күдік – мысық аяусыз-ақ тырналап,
Шайтан түртіп, ой – зынданға қамады.
Қызғанышты махаббаттың жауы дер,
Сол қанденге көп таланған қауым ел.
Жауды жеңу оңай тимес, байқаймын,
О, Тəңірім, көңіл шаяр жауын бер!





Пікір жазу