18.08.2022
  106


Автор: Нұрлан Қалқа

Сен екеуміз

Сен екеуміз бала кезден таныс ек,
Көңіліміз, ниетіміз қалыс ед.
Ұзақты күн «көрші» болып ойнаушы ек,
Ертеректеу есейсек деп ойлаушы ек.
Небір тəтті қиялдарға бойлаушы ек,
Балалықтың қызығына тоймаушы ек.


Харам ниет, арам пиғыл болмаушы ед,
Біздер еккен гүлдер əсте солмаушы ед.
Ұя жасап, құс біткенді қорғаушы ек,
Шыр-пыр болып əлсіздерді қолдаушы ек.
Сен екеуміз бала күннен таныс ек,
Көңіліміз, ниетіміз қалыс ед.
Десек-тағы бұл жалғанды өтпелі.,
Өткен күнде белгі бар ғой, көп белгі...





Пікір жазу