18.08.2022
85
![](/uploads/shorttexts/author_image/20170413104630.jpg)
Алла қорған болмаса
Абайла, бала, абайла,
Тап болмашы жалаға.
Алла қорған болмаса,
Еңбегің кетер далаға.
Абайла!
Абайла, бала, абайла,
Алды-артыңа қарайла.
Алла қорған болмаса,
Жем боларсың талайға.
Абайла!
Абайла, бала, абайла,
Біліп жүргей,
Ар-айна!
Адам болып келген соң,
Адал боп өт, қалайда!
Абайла!
Астана, 08.05.2012 ж.