18.08.2022
  145


Автор: Нұрлан Қалқа

Сырдан ұшқан аққуым

Ақ батасын беріп жатыр өз елің,
Бұлағымның бастауы едің, көзі едің.
Қуыршағың түспеуші еді қолыңнан,
Ертең бесік тербетер деп сенемін.
Шаңырақтың шамшырағы, боташым,
Киең сенің, иең сенің – отбасың.
Осы əнімді тұмарыңдай қабылда,
Тіршіліктің дауылы еш соқпасын.
Балапаным – Сырдан ұшқан аққуым,
Өмірімнің өзегі сен, шаттығым.
Ақ жүзіңе жел тигізбей өсірдік,
Бақытыңды осы ұядан тап, күнім.
Жол мен жолдың арасын із қосады,
Ел мен елдің арасын қыз қосады.


Таптың ба сен жүрегіңнің жартысын,
Алыс кетсең – сағынышпен тосатын.
Қалып қойды қолын бұлғап бала шақ,
Күтіп тұр ғой екеуіңді болашақ.
Асыл басың жазылмасын жұбыңмен,
Ал жалғыздық бір Аллаға жарасар.





Пікір жазу