18.08.2022
436
Жазылмасын жұптарың
Бақыт тілеп тұрмыз біз екеуіңе,
Ақ тілектер айтсам деп жұрт келуде.
Ақтарылып батасын беріп əжең,
Қол ұстасқан сендерді тең көруде.
«Бағың басым болсыншы» деп тілейін,
Ақ пейілін достардың жеткізейін.
«Жазылмасын жұптарың мəңгілікке,
Əр күніңді татулықпен өткіз» дейін.
Бар қызығын өмірдің бірге көріп,
Қиындыққа жүріңдер бірге көніп.
Ақ босаға берік болсын қашан-дағы,
Болмасыншы ешқашан ірге бөлек.