18.08.2022
121
Өмір деген - ұлы көш
Өмір деген – ұлы көш, адаспаңдар,
Адаспайды көңілі жарасқандар.
Бақытым деп санаңдар бір-біріңді,
Бақытына біреудің таласпаңдар.
Өмір деген күнде той, жиын емес,
Кей кездері болады қиын белес.
Сабыр болсын сондайда сенер досың,
Бірлік болса, басқасы бұйым емес.
Ағытылып көңілден ақ тілектер,
Ел-жұртың сендерге бақ тілеп тұр.
Қол ұстасып түсіңдер үлкен жолға,
Өмірдегі бұл-дағы сəттілік бір.