18.08.2022
  204


Автор: Нұрлан Қалқа

Мектеп бітіруші түлектерге

Алдыңда қилы жол жатар,
Адассаң өмір – ол қатал.
Орныңды əлден таппасаң,
Жалғанда саған сол батар.
Өмір деген – ол сынақ,
Алдыңда сансыз жол тұрмақ.
Жолыңды тауып, алға түс,
Адассаң шайтан тор құрмақ.


Күтеді талай белестер,
Тосады алдан күрестер.
Қиналсаң қинал, мойыма,
Шынығар батыр күресте.
Жығыларсың, тұрарсың,
Басыңды тасқа ұрарсың.
Пендеден қысым көргенде,
Алладан медет сұрарсың.
Қиындық өтер, күлерсің,
Өтпелі бəрі, білерсің.
Жер басып жүру – бір бақыт,
Жадыңа тоқып жүрерсің.
Тірліктен күдер үзбе тек,
Сабыр жолдас – сізге бек.
Адамдық ардан аттама,
Ар-иман керек бізге тек.





Пікір жазу