18.08.2022
397
ЖАЯУ ТАРТЫС ойыны
Ойынға қатысушы екі жігіт ортаға шығады да, екі басы біріктіріліп түйілген арқанды екеуі бірдей мойындарына іліп, екі қолтығының астынан жібереді. Ереже бойынша, екеуі екі жаққа қарай еңбектей тартып, алдын ала белгіленген межеге жеткізулері керек. Қайсысы басымдық таны тып, қарсыласын сүйреп жеткізсе, сол ойыншы ұтқан болып есептелінеді.