ЖАЯУ КӨКПАР ойыны
Бұл ойынға мықтылардың мықтысы ғана қатысады. Ойнаушылар көмбеде бір сызықтың бойына қатарласа тұрады. Ойын жүргізушінің берген белгісі бойынша көмбеден 10 адымдай жерде жатқан көкпарды қай бұрын жеткені ала қашып, арасы бір шақырымдай екінші көмбеге жеткізе білсе, сол ойыншының ұтқаны. Мұнда арадағы тартыс кезінде қайтпас қайсарлық танытудың өзі үлкен бір өнер. Әрине, қара күш, жұмыр білектің мықтылығы да осы жерде сыналмақ.
Осы ойынның екінші бір түрінде ойнаушылар екі топ болып, көкпарға қаты сады. Бұл жерде тартыс та, бәйге де ор тақ. Сондықтан көкпар кезінде әр топ өз дерінің жігіттерін қолдап, демеп оты рады. Әсіресе, көмбеге жақындаған кезде түйілген бір жұдырықтай бәрі жұмы ла әрекет етеді. Ұтып алған бәйгені топ мүшелері өзара бөліп алады.