18.08.2022
  177


Автор: Нұрлан Қалқа

Ел ағасы

Ел ағасы – менің ағам, əз ағам,
Мінезіне сондай қатты қызығам.
Əр ісінен тəлім алам күн сайын,
Кісіліктің келбетін мен жүз ұғам.
Ел ағасы – еңбегімен еленген,
Адалдықпен абыройға бөленген.
Даламыздың кеңдігіндей кеңдікті,
Бойыңыздан ылғи, аға, көрем мен.
Ел ағасы – діңгегісің əулеттің,
Бұлағысың ырыс пенен дəулеттің.
Ұрпағыңмен мың жасағын, əз аға,
Алла сізді қолдасын деп тəу еттім





Пікір жазу