18.08.2022
  244


Автор: Нұрлан Қалқа

Мұражай қызметкерлеріне

Мұражайдан табасыз,
Елімнің өткен тарихын.
Шежіре етіп жазасыз,
Оқиды оны бар жұртың.
Мұражайдан көресіз,
Тəуелсіз Отан дастанын.
Тарихты сыр ғып төгесіз,
Баурап алып жастарды.
Мұражай – елдің мақтаны,
Ертеңге жалғар бүгінді.
Қаншама құжат сақтаулы,
Көрсетер елдік үлгінді.





Пікір жазу