18.08.2022
  126


Автор: Нұрлан Қалқа

Қызғаныш кеп қапелімде талады...

Қызғаныш кеп қапелімде талады,
Аңғал жүрек қан-жоса боп қанады.
Күдік-мысық аяусыз-ақ тырналап,
Шайтан түртіп, ой-зынданға қамады.


Қызғанышты махаббаттың жауы дер,
Сол қанденге көп таланған қауым ел.
Жауды жеңу оңай тимес, байқаймын,
О, Тəңірім, көңіл шаяр жауын бер!





Пікір жазу