18.08.2022
155
Қызғанғаным – сүйгенім деп ойлашы...
Қызғанғаным – сүйгенім деп ойлашы,
Қашан болсын қызығыма тоймашы.
Жаралама менің тұма жанымды,
Жан дүниемнің тереңіне бойлашы.
Кешіре сал, кінəм болса болмашы,
Татулықтың біле білсең – сол басы.
Қызғанғаным – қорған болған түрім ғой,
(Қиын-қиын болу ақын жолдасы).
Қызғанбас ем – сені жақсы көрмесем,
Қамыңды жеп, сонша көңіл бөлмес ем.
Жақсы көріп, мен өзіңді сүймесем,
Сағым құшып сандалар ем, «өлмес ем».