18.08.2022
  186


Автор: Нұрлан Қалқа

Қамықпа, көке

Қияға самғар қырансыз,
Баhадүр болып туғансыз.
Ел үшін еткен еңбегің,
Жас өскінге жыр-аңыз,
Қамықпа, көке.
Ай тұяқты тұлпарсыз,
Ерекше туған Тұлғасыз.
Қандай қиын кезде де,
Іздейтін сізді біз бармыз,
Қамықпа, көке.





Пікір жазу