18.08.2022
  130


Автор: Нұрлан Қалқа

Мизам шуақ

Қыркүйек келді бүгін шуақ алып,
Кеткендей өн-бойыма қуат дарып.
Кеудемді ғажайып бір шаттық кернеп,
Келемін Қуат досқа сыр ақтарып.
Көз алдыда гүлдің де құлпырғаны-ай,
Бойым сергіп, көңілге жыр тұнғаны-ай!
Жан дүнием жеңілдеп сала берді,
Болдым бір сəт ойлардан құтылғандай!
Суығынан жылуы бұрын жеткен,
Мамыражай айналам бүгін неткен!
Мизам шуақ – Табиғат сыйы ғой бұл,
Жүректерге мейірім нұрын сепкен.





Пікір жазу