18.08.2022
98
Сыр
Бұрын қандай едім мен, қазір қандай,
Болады екен маңдайға жазылған жай.
Тым өзгеріп кеткендей күй кешемін,
Жастық жігер жоқ қазір, басылғандай.
Бұрын қандай едім мен, қазір қандай,
Шайтан-ойлар қаумалап азғырғандай.
Шаң жуытпай жүруші ем еш пендеге,
Дайын тұрам бүгінде жазғырғанға.
Бұрын қандай едім мен, бүгін қандай,
Ауыр тартып бара ма, жүгім сондай?!
Жан баласын жаныма жақын тартып,
Асты-үстіне түсуші ем түгім қалмай.
Бұрын қандай едім мен, бүгін қандай,
(Тұма-ойдың көздері жабылған ба?)
Балғын күнгі кіршіксіз қайран көңіл,
Есейгенде екіге жарылған ба?
Бұрын қандай едім мен, бүгін қандай,
(Күй кешемін қайраңға соғылғандай).
...Балаң кезден қалған бір пəк сезімім,
«Тəк-тəк» деп мені, жүреді қорып ұдай!