meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  18.08.2022
  155


Автор: Нұрлан Қалқа

Тәубе

Өмірге келгеніме,
Əлемді көргеніме,
Жер басып жүргеніме,
Бəріне көнгеніме,
– Тəубе! – деймін!
Елімде жүргеніме,
Тілімді білгеніме,
Жадырап күлгеніме,
Мəнді өмір сүргеніме,
– Тəубе! – деймін!
Қазақ боп қаларыма,
Ұлт болып тарарыма,
Кəдеге жарарыма,
Барымды саларыма,
– Тəубе! – деймін!





Пікір жазу