18.08.2022
  86


Автор: Нұрлан Қалқа

Туған жер

Туған жерден не бар екен киелі,
Солай қарай бұрып тұрар жүрегім.
Тау мен тасы, сылдыр қаққан бұлағы,
Саф ауасы жан сергітіп, түледім.
Туған жерден не бар екен қымбатты,
Бір мен үшін Қулық тауым жұмақ-ты.
Барғанымда жабырқаған көңілімді,
Адамдардың ақ пейілі жұбатты.
Туған жерден не бар екен қастерлі,
(Сағыныштан көзге талай жас келді).
Кіндік қаным тамған жерім мың артық,
Қанша жерден мақтаса да басқа елді.





Пікір жазу