18.08.2022
  127


Автор: Батырхан Сәрсенхан

Түн ішінде...

Түн ішінде...
Үш пе,
Төрт пе,
(Оу, онда жұмысың не?)
Топ-топ қыз күлісуде,
Гүл аңқып жүрісінде.
Қарағайлар,
Нетүрлі салады ойлар.
Мен сені байқамайын,
Сен маған қарамай қал...
Түн ішінде...
көрпені ашып еппен,
Жанармен жасы кепкен.
Тұрдым мен қарап Айға,
Сүйкімді қасіретпен.
Таңсәріден,
күркіреп бұзақы бұлт,
Көзіне ыза тұнып.
Кеттің сен, сол бір түннің,
Әнімен ұзатылып.





Пікір жазу