18.08.2022
  126


Автор: Батырхан Сәрсенхан

Дұшпан

Қалмады Арымда ұстам,
Жаным мен тәнім дұшпан,
Сезім мен сөзім дұшпан,
Өзім мен өзім дұшпан.
Жұлқылап мәні өмірдің,
Жымидым және күлдім.
Жыладым, тағы егілдім,
Айтшы сен, қане, кіммін?
Кім едім, сен кім едің?
Несіне мөлдіредің,
Несіне елжіредің?
Сұрағым келді менің.
Жолаушым, жалын құшқан,
Ішіңде – қалың дұшпан.
Қолыңмен қолың дұшпан,
Бағың мен сорың дұшпан.





Пікір жазу