18.08.2022
  118


Автор: Батырхан Сәрсенхан

Зар

Наурызбек Саршаға
Екі ғасыр ғұмырға ерте келіп,
Екі басты жыланға еркеледік.
Мұң шағып ақ қарға мен қара аққуға,
Мұншалық жігерімді тонаттым ба?
Әне біреу мүсіркеп қарап тұр ма,
Кетелік!
кім күтеді, қарақ, мұнда?!
Мөп-мөлдір өмір құрап ізгі арманнан,
Біз едік көктем туып, күз болған жан.
Зар ұқтым жылуы жоқ сыз жалғаннан,
Жалықтым «сұлусыз» деп
қызды алдаудан!
Асқарлы мұратымды бұлт емгесін,
Ақ бұлттай асуым да үлкен, досым.
Жол ортаға жеткенде, жылқы өлгесін,
Тауқыметін тағдырдың кім термесін?
Ізімен дүрмегі көп дөңгелектің,
Ілесіп сен де кеттің, мен де кеттім.


Бір бақытты келеді ермек еткім,
Бір бақытты келеді тербеп өткім.
Тағдырым...
Сызған – дана, бұзған – бала,
Әлемді алда!
өтінем қызды алдама.
Адамзат көріп өткен түстің бәрін,
Өмір дейді-ау!
Ол да өшкен іздер ғана...





Пікір жазу