18.08.2022
114
Аза тұту
Әбілда Аймаққа
Өлді!
Деді сол ақынды,
Өре жұрт та анталады.
Әлемді бір қаратуды,
Ақын қалай дәл табады?!
Өлді!
Деді сол ақынды,
Сен де келдің сеніп қалып.
Аңғал жұрттың арасында,
Тұрдым үнсіз еріп барып.
Өлді! - деді сол ақынды,
Кім өлді? - деп сұрадым мен,
Кім өлді? - деп сұрадым мен,
Кенет, кенет жылағым кеп..
Көрмедің бе ғаламатты,
Көңіл-күйің түсті неден?
Өмір кетіп бара жатты,
Өлген көптің үстіменен...