18.08.2022
110
«Біз кімбіз?» деп сұрадым бір кісіден
«Біз кімбіз?» деп сұрадым бір кісіден,
Дараланып тұр еді ол жұрт ішінен.
Жымиғаны білініп түр-түсінен,
Жас ақты күлкісінен.
Тек үнсіз қоштасқандай сүйіп мені,
Танымы тау басынан биік пе еді.
Мен ғана қолдан достық жасап алған,
Ертегінің бақытсыз кейіпкері.
Айлы түн.
Жаңбырлы кеш.
Жарық таңда,
Бір құпия жатқандай мән ұққанға.
Тұрақты ойдың тапқанша түп қазығын,
Сұрақ қойғым келеді жолыққанға.
Теңбіл-теңбіл теңізді кешіп өтем,
Тереңдікке көңілдің хошы бөтен.
Баянын таба алмаған әлі ешкімдер,
Баянсыз өмір деген осы ма екен?