18.08.2022
128
Тау
Жалғыздығыңа налитын кезің бола ма?
Жүрегіңді ызғар қаритын кезі бола ма?
Тұлғаңды тастар танитын кезі бола ма?
Үндемейсің, сен, алып тау!
Биіктеп барып, құлайтын
кезің бола ма?
Сабырды Һақтан сұрайтын
кезің бола ма?
Жалғыздан жалғыз жылайтын
кезің бола ма?
Мүмкін бе мұнан жалықпау?!
Арқырап күліп тұратын кезің бола ма?
Жарқырап тұрып шығатын
кезім бола ма?
Тау болғым келді...
Тағдырым бе екен, жан аға,
Арыма жаным – садаға!