18.08.2022
108
Ол өткен шақ...
Ол өткен шақ..
келмейтін ол өткен шақ,
Сен отырсың көктемгі көйлекті аңсап.
Қақ айырылып кетердей
қап-қара аспан,
Сөйлеп қалсақ.
Қосылып жылайықшы соңғы рет бір,
дегенімше жанарың мөлдіреп тұр.
Ал менің ше?
Менің ғой басқа әлемім,
Тамшылап жүрегімнен жасты өлеңім.
Ақылсыз жынды менен жақыбайдың,
Азат басын сүйемін,
дос көремін!
Ақтарып артық сырды керек қанша,
Керек қанша келмейтін ол өткен шақ?
Сағыныштың салар ем сазды әуенін,
Сағынуға бір ғана себеп қалса!