18.08.2022
  110


Автор: Батырхан Сәрсенхан

Көшеде біреу күліп барады...

Көшеде біреу күліп барады,
Сынық қарады ол неге?
Жанарға тамшы тұнып қарады,
Үміт қонады кеудеге.
Ұмытқан оны,
ұмыттың сен де,
ұмытты білем ол сені,
Жүректі жүрек жылытпақ еді,
Жұлынды жарты бөлшегі...
Көшені біреу іздеп барады,
Күз деп барады көктемді.
Жолдардың бәрі Сізге ап барады,
Созбақтағаным жетті енді!
Жалғыз аяқты уақытқа ілеспей,
Жансыздың жырын қайталау.
Жұрт мені сенсіз бақытты еместей,
«Бақытты бол!» деп айтады-ау.
Жалт етіп сөнген жалынды өмірлер,
Жалындап жанған тілектер.
Сүюге мұнша дарынды еріндер,
Дарынсыз неге жүректер?





Пікір жазу